Павлодарда шектеу шараларына қарамастан, белгіленген жұмыс уақытын бұзып қызмет еткен көңіл көтеру орны анықталды.
Құрамында полиция қызметкерлері бар мониторингтік топ өкілдері келгенде, жауапкершілік пен айыппұл төлеуден жалтарған нысан әкімшілігі мен күзетшілері меймандарын ең төменгі қабатқа тығып тастаған. Әрі тәртіп сақшыларын ғимаратта ешкімнің жоқ екенін айтып, сендіруге тырысыпты. Алайда қырағылық танытқан қызметкерлер келушілердің киімін тапқан. Кейін көңіл көтеру орны қоршауға алынып, меймандар қамалған қабаттан шығарылды. Бірақ барлығы бірден полиция бөлімшесіне жеткізілген. Енді олар жауапкершілікке тартылады. Меймандар 4 сағаттан астам тығылып отырған көрінеді.