Жүргізушілердің бірі кінәсін мойындады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Сағат 8:59-да Ломов пен Абай көшелерінің қиылысында алтыншы бағыт бойынша жүретін трамвай мен жеңіл көлік арасындағы жол апаты орын алды.
– Ford жеңіл автокөлігінің жүргізушісі кінәсін мойындап, трамвай жүргізушісі мен кәсіпорынға шағым жоқ екендігі туралы қолхат жазды, – дейді қалалық трамвай басқармасында.