419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы балабақша карантинге жабылды

  • 140
  • UPD: 17:30, 24.11.2020
Қостанай облысындағы балабақша карантинге жабылды фото: inform.kz

Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданында балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус бес жасар балақай мен жеті қызметкерден анықталды. Олар тәрбиеші, аспаз және медицина мамандары боп шықты. Ауру жұқтырғандар қазір емін үйінде алып жатыр. Денсаулықтары қалыпты. Балабақшадағы жеті кезекші топта 105 бүлдіршін болған.

Зәуре Байменова, білім басқармасының басшысы:

- Екі жетілік карантинге жабылды балабақша. 20 қарашадан 4 желтоқсанға дейін. Қазіргі таңда балабақша ішінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және ауырғандармен қарым-қатынаста болған қызметкерлер, тәрбиеленушілер бәрі бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы