Дәрі экспортына шектеу қоюдың себебі де бар.
Бүгін Сырым шекара бекетінде мың дана COVID-19 сынамасын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – Батыс Қазақстан облысының Ресеймен арадағы шекарасы. Жүктің жалпы құны 5 миллион теңгеден асады. Қазір сынамалар Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. Ал, дәрілік заттар тиелген жүк көлігі уақытша сақтау қоймасына қойылды.