Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қараша күні сағат 12:15 шамасында Рудный қаласында өрт болды.
Тұрғын үй гаражы өртенген, деп хабарлады alau.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті дереу сөндіруге кірісті, өрттің көлік тұрағына жақын орналасқан тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.
Өрттің жалпы ауданы 35 шаршы метрді құрады. Тұрақтағы үш көлік қатты зақымданған: екі «ВАЗ» және «Volkswagen» маркалы көліктер. Гаражда жанғыш сұйықтық пен түрлі қоқыстар да болған.
Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.