419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

  • 135
  • UPD: 08:07, 27.11.2020
Алматы облысында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Оқыс оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне кешкі сегіздер шамасында жеткен.

Жарылыс Талдықорған қаласының Еркін ауылы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. Салдарынан өрт шықпаған. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады. Сыйымдылығы 5 литр болатын баллонның жарылысынан 8 адам, оның ішінде 3 бала жапа шекті. Барлығы ауруханаларға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы