420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кентауда 6 жасар баланы мерт қылып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

  • 98
  • UPD: 11:05, 27.11.2020
Кентауда 6 жасар баланы мерт қылып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Түркістан облысының полицейлері көлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен кішкентай бала түсіп, жан тапсырғаны көрсетілген. Ақпарат алсымен полицейлер оқиға орнына бірден жол тартып, мән-жайды анықтауға кірісті.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғады.

Кентау жедел-тергеу тобы өрескел қателік жасағанына қарамастан қашып кеткен көлік жүргізушіні іздеп, куәгерлерден жауап алынды.

Келеңсіз оқиға болған күні кезекшілікте болған полиция подполковнигі Мұхамедәлі Тұрғынбаев осы іске қатысты күдіктіні ұстауға барын салып, қырағылық танытты. Соның арқасында адам қағып, қашып кеткен күдікті ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті ауыл көшелерінің бірінде келе жатқан. Осы мезетте 6 жасар бала көлік алдынан жүгіріп шығып қалған. Жүргізуші азамат көлігін басқара алмай, оны қағып кетеді. Содан соң оны ауыл ішіндегі дүкендердің біріне алып барып, оқиға орнынан қаша жөнелген. Ал дүкен иесі жедел жәрдем қызметкерлеріне шұғыл хабар берген. Алайда бала ауруханаға жетер-жетпес көз жұмды. Күдікті көлігін ауыл шетіне апарып, қорасына жасырған жерінен табады.

Хабар 24 телеарнасы