Елордалық дәмханалардың бірінде болған жарылыстан зардап шеккен 2 адам әлі де реанимацияда.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Еске сала кетейік, төтенше жағдай 21 қараша күні болған еді. Газ баллоны жарылып, апат алаңы 100 шаршы метрді құраған. Өкінішке қарай екі адам көз жұмды, 20-дан астамы ауруханаларға жеткізілген еді. Олардың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалады. Алайда, соңғы мәліметтер бойынша, барлығы ауруханаларда ем шараларын алады деп шешім қабылданған.