420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

  • 134
  • UPD: 15:43, 27.11.2020
Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ер адамды 16 қазаннан бастап еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеген. 26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шығып, сосын байланысқа шықпаған. Полицияға оның жоғалғаны туралы досының анасы хабарлаған. Бір айдан кейін кісі өлтірді деген күдікпен 23 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

«Полиция 15 қазанда күдіктілер жәбірленушімен бірге алкоголь ішкенін анықтады. Ер адамдар арасында жанжал болған. Күдіктілердің бірі «ВАЗ-2107» автокөлігімен жәбірленушіні қасақана қағып кетіп, содан кейін олар мәйітті орманға шығарып, шұңқырға көмген», - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастыруда, сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы