420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

  • 127
  • UPD: 16:23, 27.11.2020
Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Лифт шахтасына екінші қабаттан құлап кеткен Павлодар тұрғыны №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шегушінің білегі сынып, кеуде қуысы жарақаттанған. 

«Ер адам орталық әмбебап дүкеніндегі лифт шахтасына екінші қабаттан құлаған», - деп атап өтті ведомствода.

Облыстық полиция департаметінің мәліметінше, оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде. 

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесіндегі ОӘД ғимаратындағы бутиктердің бірінің сатушысы лифт шахтасына құлағанын анықтады», - деді департаментте. 

Хабар 24 телеарнасы