Бүгін Қосестек кентінің жанындағы «Ақтөбе-Орск» республикалық маңызы бар тас жолында жол апаты болды.
55 жастағы «Тойота-Превия» автокөлігінің жүргізушісі 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада-Ларгус» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік апаты салдарынан «Лада-Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша тергеу басталды.