425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды маңында жолаушылар автобусы аптақа ұшырады

  • 284
  • UPD: 17:40, 28.11.2020
Қарағанды маңында жолаушылар автобусы аптақа ұшырады

Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды.

Апат кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған. Оқыс оқиға бүгін сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей болған. «Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, №121 маршруттағы автобуспен соқтығысқан. Салдарынан 65 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы