419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 700 млн теңгеге киіктерді жойған браконьерлер ұсталды

  • 127
  • UPD: 17:40, 28.11.2020
БҚО-да 700 млн теңгеге киіктерді жойған браконьерлер ұсталды

Өңірде екі қылмыстық топ жұмыс істеген, олар өткен жылдың қыркүйегінен мамыр айына дейін заңсыз аң аулаумен айналысқан.

Қылмыстық жауапкершілікке 11 адам тартылды. Тергеу барысында олардан 700-ден астам киік мүйізі, 9 бірлік қару, 7 көлік, екі қарда жүретін машина, екі мотоцикл және түнде көру құралдары тәркіленді. Істі тергеу бірнеше бап бойынша жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы