425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп көз жұмды

  • 324
  • UPD: 15:42, 29.11.2020
Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп көз жұмды фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 28 қарашасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында тоғыз және алты жастағы екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап, қайтыс болды. Олардың денелерін Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан алып шықты.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли алғаш қата бастаған жұқа мұз өте қауіпті екенін еске салды.

«Құрметті ересектер қауымы! Балаларыыңызға абай болыңыздар! Мұз қатқан судың қаупі туралы балаларыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеңіздер. Су қоймаларында ойнауға жол бермеңіздер. Оларды қараусыз қалдыру орны толмас өкінішке алып келуі ықтимал», - деп ескертті ол.

Ресми өкіл мұзда қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелерін айтты.

«Мұз жаңа қата бастаған кезде оның үстінде ойнауға, коньки тебуге тыйым салынады. Жұқа мұз осал болады. Адамның салмағын көтере алмайды. Мұзда жүру кезінде абай болыңыз, мұз бетінде мұқият болыңыз, қауіпті және күдікті жерлерде жүрмеңіз. Қардың қалың қабатымен жабылған жерлерден сақ болыңыз. Қар астында мұз әрқашан ашық жерлерге қарағанда, жұқа болады. Су айдынында апаттың куәгері болсаңыз немесе осындай жағдайға тап болсаңыз, шұғыл көмекке жүгініңіз», - деді Талғат Уәли.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді және мұзда ойнаудың қауіпті екенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы