419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері елордада 500-ден астам өрт оқиғасы болды

  • 93
  • UPD: 11:06, 30.11.2020

Жартысынан көбі жеке секторда тіркелген.

Осыған орай құтқарушылар үй-үйді аралап, жылыту пеші мен электр жүйелерін тексеріп жатыр. Алайда сақтық шараларына бей-жай қарайтындар да бар.

Елордалық құтқарушыларды көбіне жеке сектор алаңдатады. Өрт оқиғалары осындай үйлерде жиі болады. Мамандардың күн сайын рейд ұйымдастырып, тексеріс жүргізуі сондықтан.

Алғаш барған үйден-ақ ереже бұзылған жағдай анықталды. Құтқарушылар пештің жанында артық заттардың тұрмау керектігін ескертеді.

Мамандардың бұл әрекетіне үрке қарайтындар да бар. Кейбірі оларды табалдырықтан аттап бастырмайды. 

Дегенмен төтенше жағдай саласының өкілдері өрттің алдын алу шараларын жалғастыра бермек. Сол арқылы қаншама адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұған тұрғындардың өздері де атсалысуы тиіс. Жыл басынан бері бас қалада 509 өрт оқиғасы, соның ішінде басым бөлігі жеке секторда болғанын ескерсек, мұндай шаралардың маңызы зор.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Динара Әбдірова

Хабар 24 телеарнасы