419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде көп қабатты үйдегі өрттен жүздеген адам эвакуацияланды

  • 163
  • UPD: 09:50, 01.12.2020
Ақтөбеде көп қабатты үйдегі өрттен жүздеген адам эвакуацияланды

Ақтөбедегі көп қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 50-і бала.

Қызыл жалын Сәңкібай батыр даңғылындағы шағын отбасылы жатақхана шатырынан шығып, 250 шаршы метрді шарпып үлгерді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылған. Оқыс оқиға туралы ақпарат кеше шамамен кешкі тоғыз жарымда келіп жеткен. Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы