419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысындағы кен орнында өрттен үш адам қаза тапты

  • 126
  • UPD: 16:00, 01.12.2020

Қызылорда облысында контейнер типті жатақхана өртеніп, 3 адам көз жұмды. Оқыс оқиға «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының бойындағы «Бектас-Қоныс» кен орнында болған.

Бұл жерде жалпы аумағы 2 мың 500 шаршы метрді қамтитын 100 контейнер бар. Оның 48-і отқа оранды. Қызыл жалын 1450 шаршы метрді шарпып үлгерді. Аталған аумақтан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985 және 1970 жылы туған жұмысшылар. Контейнерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі қауіпсіз жерге шығарылды.

Айта кету керек, жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы