432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР анықтамасының мерзімі өткен екі шетелдік елден шығарылды

  • 175
  • UPD: 14:11, 01.12.2020
ПТР анықтамасының мерзімі өткен екі шетелдік елден шығарылды

ПТР анықтамасының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен екі шетелдік ел аумағынан шығарылды. Жалпы өткен тәулікте 9 халықаралық рейспен 1169 жолаушы келген. Олардың 209-ында  ковидке тиісті анықтама болмай шықты.

Атап айтсақ, Алматы әуежайында 146, Нұр-Сұлтанда 51, ал Ақтауда 12 адам анықталып, сынама алу үшін карантиндік стационарға жатқызылды. Нәтижесінде  Египетке барған бір қазақстандық коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ Минск арқылы Қазақстанға келген екі шетелдік мерзімі өтіп кеткен анықтама көрсеткен. Олар ел аумағынан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы