420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымбұлақта адасып кеткендер құтқарылды

  • 105
  • UPD: 15:09, 02.12.2020
Шымбұлақта адасып кеткендер құтқарылды

Алматыда құтқарушылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінен жоғары қараңғыда жоғалып кеткен туристерді тапты, деп хабарлайды құтқару қызметі.

1 желтоқсан күні кешке 109 қызметінің құтқарушылары екі құтқару операциясын өткізді. 18:45-те үш адам тауда жоғалып, қараңғыда үйге жол таба алмағаны туралы қоңырау түсті.

«Олар «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінен жоғары Шың ауданында болған. Үш құтқарушы Шымбұлақ шыңына көтеріле бастайды. Құтқарушылар туристердің шамының жарығын байқап қалған. Нәтижесінде теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте адасып кеткен туристер табылған», – делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Туристер альпинистік құрал-жабдықтармен таулардан қауіпсіз жерге дейін жеткізілді.

Екінші құтқару операциясы Алматы қаласының Медеу ауданында Думан ықшам ауданының жанында өтті. Онда Тексай өзенінде мұз жиналып, су деңгейі көтерілді. Осыған байланысты Талғар трактісінің жеке үйлері мен жол төсемдерін су басуы мүмкін.

«Бұл жерге төрт бірлік арнайы техника мен жеке құрамның бес адамы өзен арнасын мұзды тазарту үшін жіберілді. Техниканың көмегімен туындаған жағдайдың салдары жойылды», ­– деп толықтырды құтқару қызметі.

Хабар 24 телеарнасы