Маңғыстау облысындағы Ақтау-Құрық жолында көктайғақтан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды.
Апаттан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жол-көлік апаты 2 желтоқсан күні таңертең болған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен.
– ЖКО салдарынан екі адам жарақат алған. Олар Құрық ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Тиісті медициналық қызметтер көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілген, – делінген мәліметте.