419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте «КамАЗ» он бір жеңіл көлікпен соқтығысты

  • 108
  • UPD: 16:32, 05.12.2020
Шымкентте «КамАЗ» он бір жеңіл көлікпен соқтығысты

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» келіп соққан. Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні сағат шамамен 18:30-да Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында болған.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол рульге ие бола алмай қалған.

«Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», - дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев. Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы