420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында туристер мінген автобус қарға батып қалды

  • 129
  • UPD: 18:12, 05.12.2020
Түркістан облысында туристер мінген автобус қарға батып қалды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында қар құрсауында қалған туристерге көмек көрсетілді. 29 адамнан тұратын туристер тобы Ақмешіт шатқалында «Yutong» автобусымен тұрып қалған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 112 басқару пультіне күндізгі сағат 15:00 шамасында туристерге көмек керектігі туралы хабарлама түскен. Оқиға орына ТЖД мен «SPiASR» мекемесінің 4 қызметкері арнайы техникамен, «LEB» 4 қызметкері 1 техникамен шыққан.

«Туристер тұрып қалған жерге грейдер көлігі жіберіліп, күндізгі сағат 16:25-те автобус қар үйіндісінен шығарылды. Олар өз бағыттарымен әрі қарай жүріп кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Ал осы оқиға туралы Александр Цой есімді адам Facebook-тегі парақшасында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт тау шатқалы маңында 29 туристің автобуспен қар құрсауында қалғанын жазған болатын. Өзі де сол автобуспен саяхаттап жүргенін айтқан ол жергілікті төтенше жағдай қызметін үш сағат бойы күтіп тұрғанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы