433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

  • 205
  • UPD: 11:58, 07.12.2020

Қарағанды облысының  Шахан кентінде көп қабатты үйлердің бірі өртеніп, қызыл жалын құрсауынан үш адам құтқарылды. Ал екі тұрғынның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Дәл осындай қайғылы жағдай Абай қаласында да тіркелді. Ол жерде 1962 жылғы пәтер иесі иіс тиіп көз жұмған. Тағы бір егде жастағы кісі ауруханаға жеткізілді. 

Павлодар қаласында жүк көлігі жанып кетті. Өрттің шығуына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған. Отты сөндіруге 2 техникамен 8 адам жұмылдырылып, қызыл жалын 15 минутта өшірілді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай саласының мамандары бағытынан жаңылған балықшыларды құтқарды. Зайсанға бет алған 4 адам көлігімен кішігірім көлшікке түсіп кеткен. Тұрып қалған техниканы Ақсуат ауылының құтқарушылары шығарып, алғашқы елді мекенге дейін жеткізді. Қиын жағдайға тап болғандар ешқандай медициналық көмекті қажет етпеген.  

Түркістан облысының Төле би ауданында  көкпар беріп, карантин талабын  бұзғандар жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынғанына қарамастан  ұлттық ойын өткізгендердің іс әрекеті кезекті рейд барысында анықталған.  Мониторингтік топ өкілдері ұйымдастырушыларға әкімшілік хаттама толтырып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Хабар 24 телеарнасы