427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде ауыл әкімі өрттен балаларды құтқарды

  • 249
  • UPD: 21:34, 11.12.2020

Ақтөбе облысында ауыл әкімі отқа оранған үйден 5 бірдей баланы аман алып шықты.

Ауылдасының баспанасынан өрт шыққанын байқаған ол дереу көмекке ұмтылған. Жанып жатқан үйдің ішіне еніп, бес бүлдіршінді сыртқа алып шыққан. Балалар бір бөлмеге тығылған екен. Кейін шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрігерге тапсырылған. Үйдің иелері ертемен жұмысқа кетіпті. Оқиға Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылында болған. Кейін өрт сөндіру тобы жетті, алайда үй толықтай жанып кеткен.

Аслан Арзымбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:

- Ауыл айта кету керек, аудан орталығынан 150 км қашықтықта орналасқан. 200 шаршы метр үй өртенді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген кезде үй жанып жатқан. Сол кезде үйден бір газ баллоны шығарылды және жарылыстың алдын алды. Жарылыс болған кезде әрине қарсы тұрған үйлерге өрттің ауысып кетуіне мүмкіндік болатын еді.

Хабар 24 телеарнасы