430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзенде банк қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың біреуі инкассатор болып шықты

  • 233
Жаңаөзенде банк қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың біреуі инкассатор болып шықты

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында инкассаторларды тонап кеткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банк қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың біреуі сол банктің инкассаторы болып шықты.

Естеріңізге салайық, 3 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында пышақпен қаруланған 3 адам банк бөлімшесінің қасында тұрған инкассаторлық машинаға қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қылмыскерлер көліктегі ақша салынған үш қапшықты және мультитаспаны алып кеткен. Онда 62 млн 500 мың теңге, 20 мыңға жуық  доллар мен 495 мың Ресей рублі болған. Инкассатор жүргізушісі шабуыл жасаған Нексиа маркалы көлікке 4 рет оқ атқанымен, қарақшылар ізін суытып үлгерген болатын. Бірақ күдіктілер Жаңаөзенде қолға түсті. 75 млн теңгені үшеуі бөліп алған. Бірі миллиондарды үйіне, енді бірі от жағатын сарайдың ішіне жасырған. Шелекке салып, жерге көміп тастаған.

Алтынбек Қалиев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Күдікті 9 желтоқсан күні ақпарат алынып, 10 күні екінші күдікті ұсталды. Күдіктіден үйінің ауласынан қазандыққа көмілген өзіне бөлінген ақшасы табылды. Үшінші күдікті де анықталып, 11 желтоқсан күні таңертең ұсталды. Одан барлық ұрланған ашқа тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы