430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында өрттен төрт адам қаза тапты

  • 237
  • UPD: 14:18, 13.12.2020
Алматы облысында өрттен төрт адам қаза тапты

Бүгін сағат 05:40-та төтенше жағдайлар қызметіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Бұл кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша салынған нысан отқа оранған болатын. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 06:09-да ауыздықталып, сағат 06:45-те сөндірілді.

Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы