425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысының су электр станциясында жарылыс болды

  • 479
  • UPD: 19:41, 13.12.2020

Қарағанды облысының №2 су электр станциясында жарылыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Абай ауданына қарасты Топар елді мекеніне жақын станцияда бу құбыры жарылған. Оқиға шамамен түскі сағат 12:39-да болды. Жарылыстың салдарынан 1958 жылғы ер азамат көз жұмды. 49, 45 және 40 жастағы үш адам зардап шекті. Бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған үшеуі дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір жарылысқа қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы