430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда полицейлер қарттарды алдаған алаяқты қолға түсірді

  • 237
  • UPD: 22:22, 14.12.2020

Петропавл полицейлері жаздан бері бірнеше қартты алдап, олардың қаржысын қолды қылған алаяқты ұстады.

Күдікті тамыз айында өзін медбике ретінде таныстырып, егде жастағылардың сеніміне кіріп алған. Алаяқ зейнетақыға қосымша үстемақы қосылады әрі келер айда ақша ауысады деп, зейнеткеркердің бар қаражатын алып кетіп отырған. Күдіктінің арбауына көбіне 78-99 жас аралығындағы қарттар түскен. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары барысында азаматша қолға түсті. Оның елордада да осындай қылмыс жасап, істі болғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда.  Жеті факті бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Шалқар Оразбаев, қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

- Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен кезекті қылмыс орнында 43 жастағы бұрын сотты болған қала тұрғыны ұсталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 3 миллионнан астам. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабы, 3-ші бөлімі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы