«Жанып жатқан жатақханадан өрт сөндірушілер 48 жастағы ер адамды құтқарды», – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аяғы сынғандықтан, ол бөлмеден өздігінен шыға алмаған.
Өрт бүгін түнде Жетісу ауданынан шыққан. Қалалық ТЖД өкілдері 00:49-да үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тауарлы-материалдық заттар қоймасында өрт шыққанын анықтады. Ал ғимараттың екінші және үшінші қабаттарда жатақхана орналасқан.