420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда трактор мұздың астына түсіп кетті

  • 230
  • UPD: 14:50, 15.12.2020
Қарағандыда трактор мұздың астына түсіп кетті

Қарағанды ​​қаласының орталық саябағында трактор мұздың арасынан түсіп кетті.

Жүргізуші трактордан шығып үлгерді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Жағдайға қатысты Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Хабарлауынша, тракторды судан шығаруға 8 адам мен 2 техника жұмылдырылған.

«15 желтоқсан күні сағат 12:00-де Қарағанды ​​қаласының орталық саябағында мұзды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде трактор жартылай мұз астына түсіп кетті. Жүргізуші одан өздігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады департамент.

Хабар 24 телеарнасы