424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде өткен аптада өрттен 20 адам көз жұмды

  • 373
  • UPD: 18:36, 15.12.2020
Елімізде өткен аптада өрттен 20 адам көз жұмды

Елде өткен аптада 300-ге жуық өрт болып, оның салдарынан 20 адам көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 47 адамды әр-түрлі деңгейде күйік шалған. Соңғы 11 айда төтенше жағдайлар саны 13 мыңнан асып жығылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда да жоғары. Тұрмыстық газды бей-берекет пайдалану да өз зардабын тигізіп отыр. Мысалы мамандардың жүргізген рейді барысында бір ғана қоғамдық тамақтану орталығынан 35 газ баллоны шыққан. Оның сөзінше, өрт шығуының 65-67%-і жер үйлерде болады. Осы ретте мамандар алдағы мереке күндері сақтық шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес беріп отыр.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Жер үйлерде жылыту маусымы басталғалы бері 2700 өрт тіркелді. 96 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Барлығы да қарапайым сақтық шараларының сақталмауынан болған. Біз әлеуметтік әлсіз қамтылған тұрғындарына 120 мыңға жуық дабыл қаққыш датчиктер таратқанбыз. Ол өз нәтижесін беріп, бірқатар қайғылы оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік берді. Десе де, өртті болдырмаудың ең басты факторы ол жауапкершілік екенін естен шығармау керек.

Хабар 24 телеарнасы