418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында аудан әкімі жол апатынан қаза тапты

  • 273
  • UPD: 21:42, 15.12.2020
Ақмола облысында аудан әкімі жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға өткен түнде Алматы – Екатеринбург тас жолының бойында, Атбасар қаласынан 20 шақырым жерде болған. Жақсы ауданына қарай бет алған Тарасовка ауылының әкімі 51 жастағы Мирасхан Мұратов, ВАЗ 21214 көлігімен қарсы шыққан DAF автокөлігімен соқтығысқан. Қазір апатқа себеп болған Орал қаласының тұрғыны қамауға алынды. Ал, ауыл әкімі оқиға орнында көз жұмған. Жақсы аудандық әкімдігінің таратқан мәліметке сенсек, Тарасовка ауылының әкімі қызметтік көлікті жөндету үшін Атбасарға барған. Қазір аталған іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы