420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында газ жарылысынан зардап шеккен 10 жасар баланың жағдайы өте ауыр

  • 240
  • UPD: 20:45, 15.12.2020
Маңғыстау облысында газ жарылысынан зардап шеккен 10 жасар баланың жағдайы өте ауыр

Маңғыстау облысында пойыздағы газ жарылысынан зардап шеккен тағы екі науқас бүгін санавиациямен Ақтауға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар облыстық ауруханада білікті дәрігерлердің бақылауында болады. Денесінің 80%-і жанып кеткен «Қазпошта» жолсерігінің жағдайы әлі де ауыр. Тасымалдауға жарамайтын болғандықтан консилиум шешімімен Бейнеудегі аудандық ауруханада қалдырылды. Жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше санитарлық тікұшақпен Ақтауға жеткізілген әкелі-балалы жандардың халі әлі де нашар. 10 жасар бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың өміріне араша болу үшін барын салуда.

Мереке Бекбаев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы реанимация бөлімінің меңгерушісі:

- Баланың жалпы жағдайы термикалық күйік. 2, 3А дәрежесі. Күйіктің көлемі 55%, соған байланысты ауыр жағдайы. Қазір қатаң күйде жатыр. Есі медикаментозды күйде ұстап отырмыз. Шокқа қарсы емдік шаралар жүріп жатыр қазір. Қазір шоктың кезінде бірдеңе айту өте қиын.

Хабар 24 телеарнасы