Алматыға мерзімі өткен ПТР анықтамамен келген шетелдіктер еліне қайтарылды
- 242
- UPD: 13:44, 16.12.2020

Алматы әуежайында өзге елден келген екі шетелдік азамат елге кіре алмады.
Олардың ПТР-тест анықтамасы жарамсыз болып шыққан. Мерзімінен өтіп кеткен. Сондықтан мамандар Шри-Ланка мен қырғыз елінен келген азаматтарды кері қайтарды. Кеше Қазақстанға 1 612 отандасымыз қайтып оралған. Олардың 147-сі анықтамасыз келген. Сол себепті мамандар оларды карантиндік стационарға жатқызды. Шетелден келген 2 отандасымыздан коронавирус анықталды.