421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда базар өртенді

  • 155
  • UPD: 13:53, 19.12.2020
Атырауда базар өртенді

Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01:41-де Атырауда «Дина» сауда базарының аумағынан жалпы ауданы 3420 шаршы метр өрт шыққан. 

Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге келгенде, сауда базары толықтай отқа оранғаны анықталған.

«Өрт сағат 04:25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы