420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда өрттен ер адам көз жұмды

  • 125
  • UPD: 09:37, 20.12.2020
Оралда өрттен ер адам көз жұмды

Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнес мәлім еткеніндей, оқиға 20 желтоқсан күні сағат 01:29-да «Парус» саяжай қоғамы Красивая көшесі, 34 мекенжайында болды.

Аумағы 20 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбесі мен қабырғалары құлап, түгел өртеніп кеткен. Сағат 02:48-де өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды. Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Өрттің себебі анықталу үстінде.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері (8 адам, 3 техника) және жедел тергеу тобы (5 адам, 2 техника) барды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағандай, жедел жәрдем сағат 01:33-те шақыртылған. 40 жастағы ер адам медицина мамандары келгенге дейін көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы