429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

  • 221
  • UPD: 10:50, 20.12.2020
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты болып, алты адам жарақат алды, деп хабарлады Tengrinews.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 желтоқсан күні сағат 10:40 шамасында Lada Granta көлігінің жүргізушісі Жүргенов көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатып, Жангелдин көшесінің қиылысындағы
«Жол беріңіз» деген жол белгісін елемей, сол жерде Yutong маркалы автобуспен соқтығысты. Оқиға салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі, оның үш жолаушысы және автобустың екі жолаушысы жарақат алды», - деді полиция майоры Олжас Шарипов.

Факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы