418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көлік қаққан бойжеткен оқиға орнында мерт болды

  • 136
  • UPD: 12:02, 20.12.2020
Елордада көлік қаққан бойжеткен оқиға орнында мерт болды

Нұр-Сұлтан қаласында «Тoyota Lаnd Cruiser» көлігі басып кеткен 19 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

«Елордада 19 желтоқсан күні сағат 17:58-де «Toyota land cruiser 200» көлігінің 53 жастағы жүргізуші Иманов көшесі жақтан Әуезов көшесіне қарай келе жатып, бұрылыс кезінде бағдаршамның рұқсат етілген жасыл түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 19 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің мас болмағаны анықталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы