Қызылорда қаласы мен Түркістан облысының шекара аралығында көктайғақ салдарынан 6 жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ полицейлер 140 автокөлік пен 400-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Бұл аралықтағы 233 шақырым аумақта кеше қар аралас жаңбыр салдарынан асфальт бетіне мұз қатқан. Салдарынан бұл бағыттағы жол жабылып, қауіпсіздікті қадағалау мақсатында 50-ден астам полицей жұмылдырылған. Сондай-ақ жол күтіміне жауапты мекеме арнайы техникалармен құм мен тұз қоспасы себілді. «Бүгін аталған аумақтағы жол бөлігі ашылып, көлік қатынасы қалпына келді», - дейді мамандар.
Ерік Нұрмағанбетов, ОПД ЖПКБ Патрульдік полиция ротасының командирі:
- 27 арнайы техника 48 жұмысшылары автожолдың мұз басқан жерлеріне тайғаққа қарсы 690 тонна құм-тұз қоспасын септі. Құрметті жүргізушілер мен қала тұрғындары, автокөліктің қысқы дөңгелекке ауыстыруларын және ұялы телефонға келген хабарламаларға және ауа райының қолайсыз кезінде жолға шықпауларыңызды ескертеміз.