419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордаға Ресейден әкелінген тауық етінен қауіпті бактериялар табылды

  • 127
  • UPD: 19:29, 20.12.2020
Қызылордаға Ресейден әкелінген тауық етінен қауіпті бактериялар табылды

Қызылордада саудаға шығарылған 665 келі құс етінен сальмонелла және протей бактериялары табылды.

Мұны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары анықтады. Жарамсыз балапан бройлердің жіліншігі мен төс еті Ресейден әкелінген екен. Жалпы жыл басынан бері өңірде түрлі тауарлардан 1851 сынама алынса, соның 111-і тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Оның 98-і тамақ өнімдеріне қатысты. Мамандар көбіне құс еті, ет өнімдері, алкогольдік сусындар және кондитерлік өнімдерден олқылықтар шығатынын айтады.

Айман Жанахаева, санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Зерттеулердің нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша облыстағы 32 сауда нысанына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Сонымен қатар ғаламтордан сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі деп терсе қандай өнімнен, қайда өндірілген өнімнен қандай сәйкестіктер анықталды, осы жөнінде толық мәліметпен таныса алады.

Хабар 24 телеарнасы