427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда тұрмыстық газ жарылысынан кейін 11 адам құтқарылды

  • 172
  • UPD: 09:11, 21.12.2020
Көкшетауда тұрмыстық газ жарылысынан кейін 11 адам құтқарылды

20 желтоқсан 21:14-те Көкшетау қаласы Васильковский мөлтек ауданындағы көп қабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылды.

Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршілер мен куәгерлер алты бала мен екі ересек адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«Жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден төрт литрлік газ баллонын алып келген. Айта кету керек, көп қабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Үй иесінің неліктен үйге газ баллонды пәтерге кіргізгені анықталуда. Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жедел жәрдем көлігінде екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД 21 қызметкері, жеті техника, тоғыз полиция қызметкері және үш жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін ескертеді. Баллондарды толтыру тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде ғана жүзеге асыру қажет. Баллонды суықтан жылуға кіргізуге болмайды. Газ көлемі жылыту құралдарының жанына қойғанда күрт ұлғаяды. Мұның салларынан жарылыс болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы