421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да бірқатар автокөлік жолына шектеу қойылды

  • 152
  • UPD: 10:13, 21.12.2020
ШҚО-да бірқатар автокөлік жолына шектеу қойылды

Шығыста кешелі бері қарлы боран соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазгидромет мамандарының мәліметі бойынша, кейбір аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Осының салдарынан жол дұрыс көрінбейтіндіктен, бірқатар автокөлік жолдарына шектеу қойылды. Өскемен-Алматы тас жолының Аягөз аумағы көліктің барлық түрі бойынша жабылды. Сондай-ақ Өскемен-Риддер бағытындағы жолға да шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы