Павлодар облысында тасжолдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
20 желтоқсанда сағат 13:05 шамасында Павлодар – Қызылорда республикалық маңызға ие тасжолының 201 шақырымында «Subaru Outback», «Lada Granta» және «Тоyоtа Cаmry» көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Апат салдарынан «Lada Granta» автокөлігінде болған бес адам (жүргізуші мен төрт жолаушы, олардың біреуі жас бала) оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқан адамдардың жеке бастары анықталуда.