20 желтоқсан күні сағат таңғы 5 шамасында өмір сүруге арналған қос вагонда өрт болды.
Бұл вагондар Арқалық-Торғай бағытында жол жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымға тиесілі болған, деп хабарлайды alau.kz.
Вагон ішінен өрт шығып, ол 25 шаршы метрді қамтыған. Салдарынан 1967 жылғы әйел адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аспаз болып жұмыс істеген.
Өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.