420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда көлік шұңқырға түсіп кетті

  • 115
  • UPD: 12:05, 21.12.2020
Ақтауда көлік шұңқырға түсіп кетті

Ақтаудың 15 шағынауданында 20 желтоқсан күні сағат 14:10 шамасында көлік шұңқырға түсіп кетті.

Апат туралы толық ақпаратты облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлады lada.kz.

«Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипажы оқиға орнына барды. Kia Sportage көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай аударылып кеткен. Зардап шеккендер жоқ», - деді полиция.

Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама жасалды.

Хабар 24 телеарнасы