420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар маңындағы елді мекенде болған өрттен үй иесі көз жұмды

  • 111
  • UPD: 16:31, 21.12.2020
Павлодар маңындағы елді мекенде болған өрттен үй иесі көз жұмды фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысына Ленин кентінде тұрғын үйден өрт шығып, үй иесі қаза тапты.

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі пештен болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Таңғы сағат 04:56-да Ленин кенті, Алтынсарин көшесі мекенжайында орналасқан тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан 1965 жылы туған үй иесі қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі пештен болған», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылы, Мүткенов көшесіндегі тұрғын үйде жылыту пешінің ақаулығы, яғни тазаланбаған түтін мұржасы салдарынан 4 адам улы газбен уланған, оның ішінде екеуі бала.

«Өрттің негізгі себептері халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде бұзушылықтар», - дейді Ернұр Өтегенов

Департамент басшысының мәлімдеуінше, бүгінгі күні өрт оқиғалары 4%-ке өрт кезінде жарақаттанғандар саны 8%-ке төмендеген. Бірақ бұл ретте өрт кезінде адамдардың қаза болуы 7%-ке өскен. Сонымен қатар улы газбен уланудан адам өлімі 4 есе азайса, жарақат алғандар саны 21%-ке артқан.

Хабар 24 телеарнасы