Кеше Көкшетаудағы газ баллонның жарылысынан зардап шеккен 6 баланың үшеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың денесін 20-дан 50%-ке дейін күйік шалған. 7, 14 және 16 жастағы қыз балалар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал олардан өзге осы үйдің кішкентайларының жағдайы бірқалыпты. Ал, ата-аналары дін аман.
Петр Редкозубов, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері:
- Қазір қандай да бір болжам айту қиын. Күйіктері өте терең және көлемді. Барлығының қол-аяқтары күйген. Ал, үлкен қыздың қол-аяғынан бөлек, кеудесі мен бетін күйік шалған. Барлық ем-шараны жасап жатырмыз.