429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда несие беретін мекемені тонаған күдікті ұсталды

  • 202
  • UPD: 13:28, 22.12.2020

Павлодар облысының Екібастұз қаласында шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті. Ол қызметкерлерді тапаншамен қорқытып, 65 мың теңгені алып кеткен. Қара күрте киіп, бетін бетпердемен тұмшалаған күдіктінің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты.

Балғабай Қапаров,  облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы:

- Күдіктіден пневматикалық тапанша тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер қылмысы дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Рудный қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 32 адамды эвакуациялаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Таразда той жасау дерегі тыйылмай тұр. Мобильді топ бір тәулік ішінде 4 бірдей отбасылық мейрамның үстінен түскен. Салтанатты шараларға 300-ден астам қонақ жиналыпты. Оның барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, той иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар рейд барысында түнгі 11-ден кейін де жұмыс істеген қоғамдық тамақтану орындары анықталды. Жалпы соңғы 5 айда өңірде 900-ге жуық заң бұзу дерегі тіркелсе, салынған айыппұл көлемі 71 миллион теңге.

Қарағандыда төтенше жағдай қызметінің мамандары пәтерде қамалып қалған екі бүлдіршінді құтқарды. Олар ішке балкон арқылы түсіп, 3 жасар және бір айлық баланы анасымен қауыштырған. Айта кету керек, санаулы күн ішінде құтқарушылар үйде жалғыз қалып қойған 7 бірдей балақайды алып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы