429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР анықтамасының мерзімі өтіп кеткен Қырғызстан азаматы еліне қайтарылды

  • 219
  • UPD: 15:19, 22.12.2020
ПТР анықтамасының мерзімі өтіп кеткен Қырғызстан азаматы еліне қайтарылды

Ақтауға ұшып келген Қырғызстан азаматы мерзімі өтіп кеткен ПТР анықтама көрсеткен.

Қазір ол ел аумағынан шығарылды. Жалпы кеше Қазақстан аумағына 7 халықаралық рейс қонды. 78 жолаушы ұшаққа отырар алдында ковидке тест тапсырмаған. Олардың барлығы карантиндік стационарға жатқызылды. Талдау нәтижелері жуық арада дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы