Ол дін аман, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы полицейлерге 5 жастағы балдырғанды отбасымен қауыштырған Бауыржан Қожаев есімді жігіт бейнежазба арқылы әлеуметтік желіде мәлімдеді. Жүргізушінің айтуынша, ол балақайды 2 шақырым қашықтағы шаруашылықтың біріне апарып, сол жерде жұмыс істейтін әке-шешесіне тапсырыпты. Аталған оқиғаның мән-жайын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Қақаған қыста ұлын қараусыз қалдырған үшін отбасы енді әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.